Қытайда бензин мен дизельдің бағасы арзандайды

443

Бөлшек сауда бағасы төмендейді.

Қытайда бензин мен дизельдің бағасы арзандайды Фото: Синьхуа

ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мұнайдың әлемдік бағасының соңғы өзгерістеріне байланысты сәрсенбіден бастап Қытайда бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жанармайдың бұл түрлерінің құны тоннасына сәйкесінше 340 юаньға (шамамен 47,62 АҚШ доллары) және 330 юаньға төмендейді, деп хабарлады ведомство.

Қытайдың қолданыстағы баға белгілеу механизміне сәйкес мұнай өнімдерінің бағасы шикі мұнайға әлемдік бағаның өзгеруін ескере отырып түзіледі.

Мемлекеттік комиссия Қытайдың үш мұнай компаниясы мен өзге де мұнай өңдеу саласында жұмыс істеп жатқан ұйымдарға нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндіру мен тасымалдауды тиісті деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу