Қытайда бір тәулік ішінде коронавирусты жұқтырудың 164 фактісі тіркелді

576

Өткен тәулікте Қытайда COVID-19 жұқтырудың 164 жаңа расталған жағдайы тіркелді. Оның 81-і Сычуань провинциясында.

Қытайда бір тәулік ішінде коронавирусты жұқтырудың 164 фактісі тіркелді

Бұл туралы "Синьхуа" АА ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар агенттік хабарлағандай, елде коронавирустың 785 жаңа асимптоматикалық тасымалдаушысы анықталды.

545 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды. Осылайша, дерттен айыққандардың жалпы саны 236 201-ді құрады.

Өткен тәулікте инфекциямен байланысты өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу