Қытайда бір тәулікте Covid-19 жұқтырудың 9 фактісі тіркелді

641

Ауруханада небәрі 357 адам емделіп жатыр.

Қытайда бір тәулікте Covid-19 жұқтырудың 9 фактісі тіркелді

Қытай елінде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тоғыз науқас, аурудың белгілері жоқ алты адам анықталып, 42 науқас ауруханадан шығарылды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хабарлады.

Ресми дерек бойынша, 9 науқас – басқан елге барып келгендер. 

Пандемия басталғалы Қытайда коронавирус жұқтырудың 83 581 жағдайы тіркелген. 78590 адам аурудан айыққан, 357 қазір ем қабылдап жатыр. Осы күнге дейін ауруын асқыныдырып алған 4634 тұрғын қаза тапқан. 

Еске сала кетсек, ресми Бейжің 2019 жылдың 31 желтоқсанында Ухань қаласында пневмонияның өршіп кеткені туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хабарлап дабыл қаққан еді. Мамандар індетке әкеліп соққан коронавирустың жаңа түрі екенін анықтап, оған Covid-19 деген атау берді. ДДСҰ болса, індетті пандемия деп 11 наурызда жариялады.

Табиғат Нұрболат
Фото: france24.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу