Қытайда бірінші мамыр кезіндегі демалыста туристер саны артқан

606

Қытайдың туристік секторы сәрсенбіде аяқталған халықаралық еңбек мейрамындағы бес күндік демалысты жоғары көрсеткіштермен қорытындылады. 

Қытайда бірінші мамыр кезіндегі демалыста туристер саны артқан Фото: GeoTour

Бұл туралы салалық есепте айтылған, деп жазады inbusiness.kz russian.cri.cn порталына сілтеме жасап.

Trip.com онлайн туристік агенттік жариялаған есепке сәйкес, елдің туристік орындарына бару үшін билеттер сатылымы 900 пайызға өскен.

Биыл мамырдың бірінші демалысында ең танымал бес бағыттардың қатарында Бейжің, Шанхай, Чэнду, Ханчжоу және Гуанчжоу болды.

ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметінше, бірінші мамырда Қытайда 274 миллион сапар жасалды. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 70,8%-ға артық. Туристер саяхат кезінде 148 млрд юань жұмсаған. Жылдық өсім – 128,9%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу