Қытайда бірқатар экономикалық бағыттағы БАҚ "Синьхуаның" қоластына бірігеді

816

Қытайда бірқатар экономикалық бағыттағы БАҚ "Синьхуаның" қоластына бірігеді

Қытайдың қаржы-экономикалық тақырыпқа маманданған бірқатар басылымы  "Синьхуа" ақпараттық агенттігінің астына бірігуі мүмкін, деп хабарлады жұма күні агенттік.

Экономикалық және қаржы тақырыбындағы жаңаықтардың сапасын арттыруды көздеген ел үкіметі агенттікке осындай құқық беруді ұйғарған.

Атап айтқанда, Securities Journal, Shanghai Securities News, Economic Information Daily және Xinhua Publishing House басылымдарын біріктіріп, соның негізінде China Fortune Media Corporation Group жаңа ақпараттық медиатобын құрмақшы.

"Синьхуа" агенттігінің бас директоры Цай Минчжао мәлімдегендей,  бұл өзгеріс  оқырмандарға ұсынатын қаржы туралы ақпараттың өрісін кеңейтуге, сондай-ақ сараптамалық бизнес мәліметтер, несиелік рейтингілер туралы ақпарат беруге мүмкіндік беретін көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу