Қытайда биткоинді қолдануға тыйым салынуы мүмкін

1024

Бұған дейін ресми Бейжің елдегі ірі қаржы институттарына крипвалюта операцияларын жүргізуге тыйым салған еді.

Қытайда биткоинді қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Қытайдағы алғашқы криптомиллиардерлердің бірі және BTC China криптобиржасының негізін қалаған кәсіпкер Бобби Лидің ойынша, Қытай билігі биткоин мен басқа да цифрлық валюталарға толықтай тыйым салғысы келеді. Бұл туралы ол Bloomberg-ке берген сұхбатында айтты.

"Биліктің криптоваютаға тыйым салу ықтималдылығы – 50%", – деді Ли.

Оның сөзіне сенсек, Қытай билігі реттелмейтін валютаны қолданысқа енгізгісі келмегендіктен, оған қарсы соғыс жариялап отыр. Осы орайда Ли майнерлерге өз жабдықтарын сатып жіберуге кеңес берді.

2021 жылы ең танымал криптовалютаның бағамы 250 мың долларға дейін, ал 2025 жылға қарай миллион долларға дейін өсуі мүмкін деп топшылап отыр кәсіпкер. 
Еске сала кетсек, шілде айының ортасында биткоин бағасы 30 мың доллардан төмендеп кеткен еді. Мұндай динамикаға Қытайдан келген жаңалықтар әсер кетті. Ресми Бейжің елдегі ірі қаржы институттарына крипвалюта операцияларын жүргізуге тыйым салды. Бірақ кейін биткоин сәл қымбаттап, бағамы 40 мың долларға жақындады.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу