Қытайдың шығысындағы тұрғындар "Лекима" тайфунынан зардап шекті. Дүлей дауылдан 28 адам қайтыс болып, 20 адам із-түссіз кетті, деп хабарлайды
rbc.ru.
Дауылдың ошағы Чжэцзян провинциясында 497,9 мың адам зардап шекті. Табиғат апатынан 173 мың гектарға егілген егістік бүлініп, 22 мың га аумақтағысы толық жойылған. Сондай-ақ 34 мың үйге зақым келген.
Xinhua агенттігінің мәліметінше, елге 14,6 млрд юань (2 млрд доллар) көлемінде экономикалық шығын келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу