Қытайда болған жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстанның бірнеше қаласында сезілді

1010

Қытайда болған жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстанның бірнеше қаласында сезілді

Бейсенбі күні сағат 11:15 шамасында (Астана уақытымен) Қытай аумағында магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады еліміздің білім министрлігінің ғылым жөніндегі комитетіне қарасты сейсмикалық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматының шығысынан 757 шақырымда, Қытай аумағында болды.

Қуаты 14.1 болған жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болған.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, еліміздің Зайсан, Талдықорған және Жаркент қалаларында  қуаты 2-3 балдық дүмпулер сезілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу