Қытайда Бразилиядан импортталған тауық етінен Covid-19 анықталды

792

Қазір елдің кеден қызметкерлері басқа елден әкелінетін тауарларды тексеруде.

Қытайда Бразилиядан импортталған тауық етінен Covid-19 анықталды

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Тауық етіндегі вирусты денсаулық сақтау қызметкерлері тест өткізу барысында анықтаған. Содан кейін мамандар өнімді ұстаған адамдарды да тексерістен өткізді. Бірақ олардың ешқайсысы ауруға шалдықпаған. Ал сатылған ет дер уақытында табылып, зарарсыздандырылды. 

Бұған дейін Қытайдың басқа қаласында Эквадордан әкелінген асшаяннан қауіпті инфекция табылған еді. Осыған байланысты қазір елдің кеден қызметі барлық азық-түлік өнімдерінен, әсіресе теңіз өнімдері мен етті арнайы тексерістен өткізіп жатыр.

Ескере кететін жайт, шілде айынан бері Қытайдың жеті қаласында өнім қабынан Covid-19 анықталған болатын. Кей сарапшылардың пікірінше, азық-түлік өнімдерін салқын жерде сақтау вирустың ұзақ тіршілік етуіне септігін тигізетін көрінеді. 

Табиғат Нұрболат
Фото: channelnewsasia.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу