Қытайда COVID-19 дертінің жаңа ошағы тіркелді

802

27 қазанда Хэйлунцзян провинциясында коронавирустық пневмонияға шалдығу фактісі анықталды.

Қытайда COVID-19 дертінің жаңа ошағы тіркелді Фото: reuters.com

Қытайда COVID-19 дертінің жаңа ошағы тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚХР-дың мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап. Ел ішінде инфекцияны жұқтырудың 93 фактісі тіркелген.  

Ведомствоның хабарлауынша, соңғы күндері инфекция Қытайдың солтүстігінде және солтүстік-шығысында, Ганьсу, Хэйлунцзян провинцияларында және Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында таралуда. Жергілікті билік осыған қатысты қабылданған шаралар тиісті нәтиже бермей, науқастар саны өсіп жатқанын мәлімдеді. 

27 қазанда Хэйлунцзян провинциясында коронавирустық пневмонияға шалдығу фактісі анықталды. Кейінірек тағы үш жергілікті тұрғын вирустың тасымалдаушысы (аурудың белгісі жоқ) екені белгілі болды. Көп ұзамай миллиондаған тұрғыны бар Хэйхэ қаласы індеттің өршуіне байланысты қатаң карантинге жабылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу