Қытайда COVID-19 індетінің өршуі байқалады

1145

Елде сырқаттанғандар саны күрт өсті.

Қытайда COVID-19 індетінің өршуі байқалады

Қытай Халық Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті өткен тәулікте елде 1,9 мыңнан астам жедел және 1,4 мыңнан астам симптомсыз жағдай анықталғанын мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz

Ал Қазақстанда соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 98 адам ғана тіркелді.

COVID-19 індеті Қытайдың кем дегенде 17 провинциясын, автономды аймақтарын және орталық үкімет қалаларын, соның ішінде Бейжің, Шанхай және Гуанчжоу сияқты мегаполистерінде тіркелген.

9 млн адам тұратын Чанчунь қаласында карантин енгізілді, барлық оқу ордалары, сауда орындары мен мемлекеттік мекемелер (супермаркеттер мен дәріханалардың шектеулі тізімін қоспағанда) жабылды және қалалық қоғамдық көліктер толығымен тоқтатылды. Жалпы қалалық коронавирусқа тестілеудің екінші кезеңі басталады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу