8 желтоқсанда Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының Санья қаласында өтетін "Әлем аруы-2018" халықаралық сұлулық байқауына өзінің суреті бейнеленген ұшақпен келеді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Instagram әлеуметтік парақшасында Димаш өзінің суреті бейнеленген ұшақтың фотосын жариялады.
"Әлем аруы-2018" байқауында көріскенше, - деп жазды әнші.
Биыл Санья қаласында өтетін "Әлем аруы-2018" халықаралық сұлулық байқауына Қазақстанның атынан Екатерина Дворецкая сынға түседі. Отандасымызды қолдау мақсатында байқауға әнші Димаш Құдайберген барады.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің атымен аталатын жолаушылар ұшағы Қытай елінің ішкі рейстерінде ұшады.