Бейжіңде Дүниежүзілік роботтар конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға 200-ден астам компания мен 400-ге жуық маман жиналды. Форумның басты тақырыбы – адам тектес роботтар. Олар киім жинап, би билеп, тіпті футбол да ойнайды. Солардың бірі жаңа үлгідегі Walker S2 құлтемірі.
Оның ерекшелігі – ол өздігінен қуаттау бекетіне барып, аккумяторын жаңарта алады. Нәтижесінде робот тоқтаусыз әрі үзіліссіз жұмыс істейді.
Кейбір роботтар тамақ әзірлеп, түрлі сусындар дайындап береді. Өзгесі шаршы алаңда жұдырықтасады, басқа робот музыкантты алмастыра алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу