Қытайда екінші нәрестеге ақша төлене бастады

1140

1979 және 2015 жылдары аралығында билік "бір отбасы – бір бала" демографиялық саясатын жүргізіп келді.

Қытайда екінші нәрестеге ақша төлене бастады Фото: reuters.com

Қытайдағы Сычуань провинциясындағы Паньчжихуа қаласында екінші және үшінші баланы дүние әкелгені үшін субсидия төлене бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz South China Morning Post сайтына сілтеме жасап.

Мұндай отбасыларға бала үш жасқа толғанға дейін айына 500 юань беріледі. Сонымен қатар жүкті әйелдер күтімі тегін болады. 

Биліктің бұл қадамға баруына бала туу көрсеткішінің төмендеуі себеп болып отыр. Ел премьер-министрі Ли Кэцян бұл мәселе Қытайдың дамуына тікелей әсер ететіндіктен өте маңызды екенін айтты.

"Біз өмір сапасын жақсартып, бала күтімінің инклюзивті жүйесін құрып, отбасын жоспарлау саясатына сәйкес келетін экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізуіміз керек",– деді үкімет басшысы.

Бала туу жөніндегі саясаттағы өзгерістер мамыр айында басталды. Ол кезде  Қытай билігі отбасыларға үш балалы болуға рұқсат берген еді.

1979 және 2015 жылдары аралығында Қытай билігі "бір отбасы – бір бала" демографиялық саясатын жүргізіп келді. 2016 жылдан бастап азаматтарға екі балалы болуға рұқсат етілді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу