Қытайда экономикасына 500 миллион юаньнан астам шығын келген

728

Қытайда экономикасына 500 миллион юаньнан астам шығын келген

Қытайда қалың түскен қар салдарынан қаза тапқандардың саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, қайғылы оқиғаның барлығы Аньхой провинциясында болған. Мұнда қар қаңтардың 3-і мен 5-і аралығында тынымсыз жауған. Салдарынан 200 құрылыс нысаны қирады. Тағы 400-дей зақымданды.

Елдің орталығында қардың қалың түсуіне байланысты қоғамдық көліктер тоқтап, әуежайлар жабылған. Метеорологтардың хабарлауынша, аймақта ауа температурасы минус 5 градустен төмен. Ал қардың қалыңдығы 30 сантиметрден асады. Қолайсыз ауа райынан әсіресе ауыл шаруашылығы саласы қатты зардап шекті.

Алдын ала болжам бойынша, ел экономикасына 500 миллион юаньнан астам шығын келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу