Қытайда ел тарихындағы жетінші халық санағы басталды

541

VI халық санағының қорытындыларымен салыстырғанда он жыл ішінде ҚХР халқы 73,9 млн адамға өскен. 

Қытайда ел тарихындағы жетінші халық санағы басталды

Қытайда 1 қарашада жетінші халық санағы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық санағын жүргізуге жеті миллион мемлекеттік қызметші жұмылдырылған. Қазіргі науқанның жаңалығы – өзіңіз туралы ақпаратты қағаз бланкілерін толтырмай мобильді терминал арқылы жіберуге болатындығында.

2016 жылы "Бір отбасы – бір бала" саясатының тоқтағанына қарамастан, Қытайда туу деңгейі төмендеп, халықтың қартаю қарқыны өсуде. 2020 жылы Қытайда урбандалу деңгейі алғаш рет 60%-дан асты. 2010 жылы қала халқының үлесі 49,6% құрады.

1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бері 1953, 1964, 1982, 1990, 2000 және 2010 жылдары алты ұлттық халық санағы өткізілді. ҚХР-дың алғашқы халық санағы 1953 жылдың шілдесінде өтті десек, ол кездегі жағдай бойынша ел халқының жалпы саны 602 миллионға жуық адамды құрағанын көрсетті. 2010 жылғы соңғы санақ кезінде қытай халқы шамамен 1,34 миллиард адамға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу