Nissan Қытайдағы стратегиясын қайта қарып, зауыттардың бірін жабуды ойластырып жатыр. Жапондық автомобиль өндірушісі Honda елдегі электромобильдерге сұраныстың артуына байланысты Қытайдағы екі зауытты жабады. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Телеарнаның мәліметінше, қазіргі уақытта жапон корпорациясының ҚХР-да алты зауыты бар. Олардың екеуі, жалпы қуаты жылына 290 мың автомобиль – Қытайдағы қуаттылықтың 20% құрайды, жұмысты тоқтатады.
Honda ҚХР-да электромобильдер өндірісіне көшуді қарастырып жатыр, осылайша әлеуеті биік қытай нарығында өзінің әлсіз позициясын сақтап қалуға үміттенеді.
Қытайда басқа жапондық автоөндірушілер де осындай жағдайға тап болды. Мысалы, Mitsubishi өткен жылдың қазан айында ҚХР-дан толығымен кету туралы шешім қабылдады. Ал Nissan Қытайдағы стратегиясын стратегиясын қайта қарып, зауыттардың бірін жабуды ойластырып жатыр.