Қытайда әлемдегі ең ірі айналмалы электр жеткізу желісі салынды

100

 Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қытайда әлемдегі ең ірі айналмалы электр жеткізу желісі салынды Фото: canva

Қытайда жексенбі күні елдегі ең үлкен шөл – Тарым ойпатының айналасында ұзындығы 4 197 шақырым болатын аса жоғары кернеулі айналмалы электр жеткізу желісінің құрылысы аяқталды.

750 кВ кернеуде жұмыс істейтін бұл желі – Қытайдағы ең ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Ол тоғыз қосалқы станция мен 10 мыңға жуық болат тіректі қамтиды. Құрылысты Қытайдың ұлттық State Grid корпорациясының Синьцзян бөлімшесі жүзеге асырған.

Жобаның құрылысы 15 жылға созылған. Толықтай іске қосу 2025 жылдың қарашасына жоспарланған.

Электр желісі құмды Тарым ойпатынан бастап, Куньлунь тауларына дейінгі әртүрлі ландшафт арқылы өтеді. Бұл аймақта әлемдегі екінші ірі жылжымалы құмды шөл – Такла-Макан орналасқан. Ғасырлар бойы құмды дауылдар мен шөлдену өңірдің дамуына кедергі келтіріп келген.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жоба Синьцзянның оңтүстік бөлігін дамытуға серпін беріп, жаңа энергия көздерін бүкіл Қытай бойынша таратуды қамтамасыз етеді.

Жобаның жетекшісі Ли Цзюньнің мәлімдеуінше, құрылыс барысында 50 метрлік құм төбелерін кесіп өтетін арнайы жолдар салынған. Таулы аймақтарға 3 000 тонна болат тірек компонентін жеткізу үшін арқан жолдары пайдаланылған.

Қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында инженерлер тіректердің биіктігін өзгертіп, маршрутты қайта жобалаған. Сонымен қатар, 480 мың шаршы метр аумаққа шөппен тоқылған арқан торлар арқылы құм бөгеттерін төсеу жоспарланған. Бұл – Қытайда құм көшкінінің алдын алу үшін кеңінен қолданылатын тәсіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу