Қытайда ең төменгі ауа температурасы тіркеліп, рекорд жаңартылды

525

Қытайдың ең солтүстік қаласы Мохэ жексенбіде 1969 жылдан бері ел тарихындағы ең төменгі температура рекордын жаңартты: минус 53 градус Цельсий.    

Қытайда ең төменгі ауа температурасы тіркеліп, рекорд жаңартылды Фото: biang.ru

Рекорд Хэйлунцзян провинциясының Мохэ қалалық округінің Амур ауылындағы метеостанцияда орнатылды. Қытайдың метеорологиялық жүйесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған ең төменгі температураны тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Қаланы басқан қалың қар мен қатты аязда жергілікті билік мерекелік демалыста шолайсыз жағдай орнамауы үшін тұрғындарды жылу мен сумен қамтамасыз ету бойынша шараларды екі есе күшейтті.

Мохэні көбінесе "Қытайдың арктикалық қаласы" деп атайды. Мұнда қыс қазан айының басы-ортасына қарай басталып, сәуір айының соңына дейін созылады, ал орташа температура жылда сегіз ай бойы нөлден төмен болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу