Қытайда ер адам H10N3 құс тұмауының штамын жұқтырды

1042

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, жақын арада ауруханадан шығарылады.

Қытайда ер адам H10N3 құс тұмауының штамын жұқтырды

Қытайдың Цзянсу провинциясында H10N3 деп аталатын құс тұмауы вирусының штамын жұқтыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.

Дертке шалдыққан – Цзянсу провинциясында тұратын 41 жастағы ер адам. 23 сәуірде оның қызуы көтеріліп, аурудың басқа белгілері байқала бастаған. 28 сәуірде науқас жағдайының нашарлауына байланысты жергілікті ауруханаға жатқызылды. Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 28 мамырда зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ер адамның H10N3 штамын жұқтырғанын мәлім етті.

Науқаспен тығыз байланыста болған адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Олардан дерттің белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, жақын арада ауруханадан шығарылады.

Әлемде адамнан адамға H10N3 жұқтыру жағдайлары бұрын тіркелмеген, ал құстардың арасында бұл вирус төмен патогенді болып саналады. Сарапшылардың пікірінше, бұл вирустың құстан адамға жұғуы және жаппай таралу қаупі өте аз.

Табиғат Нұрболат

Фото: malaysiakini.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу