Қытайда ескі шахтаға кірген 5 адам көз жұмды

235

Оқиға жексенбі күні болған. 

Қытайда ескі шахтаға кірген 5 адам көз жұмды Фото: Anadolu Agency

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясына қарасты Юси уезінде бес адам қараусыз қалған шахтаға кіріп, қаза тапты. Бұл ақпаратты жергілікті билік растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні таңғы сағат 09:50 шамасында Юси уезінің өртке қарсы қызметіне хабарлама келіп түсті. Баньмянь елді мекеніндегі шахтаға бес адамның кіріп, кейін олармен байланыс жоғалғаны белгілі болды. Құтқарушылар оқиға орнына дереу аттанған.

Сағат 13:20-да барлық бес адам табылып, ауруханаға жеткізілген. Сағат 15:00-де олардың барлығы қайтыс болғаны хабарланды.

Қазір оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу