Қытайда індет толықтай басылды

1077

20 шілдеде елдің шығысындағы Нанкин әуежайының бірнеше қызметкері үнді штамын жұқтырған еді.

Қытайда індет толықтай басылды Фото: reuters.com

Қытайда шілде айынан бері алғаш рет коронавирустық инфекцияны жұқтырудың бірде-бір фактісі тіркелген жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрлігі шілде айының соңында басталған COVID-19 індетінің қазіргі толқыны жақын арада толығымен тоқтататылатынын мәлім етті. 

20 шілдеде елдің шығысындағы Нанкин әуежайының бірнеше қызметкері үнді штамын жұқтырған еді. Осыдан кейін мыңнан астам адамның инфекцияға шалдыққаны анықталды. Жергілікті билік болса, бүкіл ел бойынша індетке қарсы қатаң шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады.

18 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан вакцинация аурудың асқынуын болдырмайды тіпті өлімнің алдын алуға септігін тигізеді деген мәлімдеме жасады. Ұйымның дерегінше, үнді штамы кең таралған аймақта әсіресе вакцина ектірмегендер зардап шегіп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу