Қытайда интеллектуалды білім платформасы рекорд жаңартты

132

Бұл туралы Қытайдағы интеллектуалды білім беру бойынша Ақ кітапта айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.  

Қытайда интеллектуалды білім платформасы рекорд жаңартты Фото: chinaminutes.com

Қытайдың мемлекеттік цифрлық білім беру қызметтерін ұсынуға арналған Smart Education of China интеллектуалды онлайн-платформасында тіркелген пайдаланушылар саны 2025 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша 164 миллионнан асып кетті.

Ақ кітап 14-16 мамыр аралығында Орталық Қытайдың Хубэй провинциясы Ухань қаласы өткен 2025 жылғы Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясында жарияланды.

Құжатта көрсетілгендей, сәуір айындағы жағдай бойынша бұл платформа 61,3 миллиардтан астам рет қаралған. Платформаға 220-дан астам ел мен аймақ тұрғындары кіріп көрген.

Платформа бастауыш және орта білімге арналған 110 мыңнан астам цифрлық білім беру ресурстарын, кәсіптік білім беру үшін 11,3 мыңнан астам, жоғары білімге 31 мыңнан астам және өмір бойы оқуға арналған 2 мыңнан астам онлайн-курсты қамтиды.

Ақ кітапта айтылғандай, платформа 51 қызмет түрін – соның ішінде жұмысқа орналастыру, емтихан тапсыру сияқты сервистерді 8 негізгі санатқа біріктіріп отыр. Ол жасанды интеллект пен білім берудің терең интеграциясы арқылы ерекшеленеді.

Қазір Қытай әлеуметтік әділетті, сапалы, интеллектуалды және баршаға қолжетімді, өмір бойы білім алуға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық білім беру жүйесін қалыптастырып келеді.

Smart Education of China платформасы 2022 жылдың наурыз айында іске қосылған. Ол оқыту, оқыту үдерісі, мектептерді басқару және білім беру инновациялары сияқты салаларға бағытталған. Сондай-ақ, ол әлемдегі ең ірі білім беру ресурстары қоймаларының біріне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу