Қытайда ірі уран кен орны табылды

302

Бұл елдегі уран қоры айтарлықтай артады деген сөз.

Қытайда ірі уран кен орны табылды Фото: fabricators.ru

Қытайдың солтүстік-батысында ірі уран кен орны табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Геологиялық барлау басқармасы Цзиньчуань аймағында уран барлау саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізілгенін хабарлады.

Бұл эолдық шөгінділер аймағында табылған әлемдегі алғашқы ірі уран кен орнына айналуы мүмкін. Ордос бассейніндегі 200 мың шаршы км аумақтан басқа, жер бедерінің ұқсас формасы Қытайдың Тарим ойпаты, Жоңғар ойпаты және Сунляо бассейні сияқты басқа мұнай-газ бассейндерінде кең таралған.

Сарапшылар кен орнының табылуы Қытайда уранды барлаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу