Қытайда қамауда отырғандардың туыстары Қытай елшілігінің консулына барды

942

Қытайда қамауда отырғандардың туыстары Қытай елшілігінің консулына барды

Бүгін Алматыда Қытайда қамауда отырған қандастарымыздың туыстары бас қосып, өз қайғыларымен бөлісті, деп хабарлайды qazaquni.kz.

Қытайда әке-шешелері қамауда жатқан 50 балаға Серікжан Біләш, Қыдыралы Оразұлы бастаған "Атажұрт" қоғамы мүшелері сый-сияпат жасап, көңілдерін аулады. Германиядан Өмірxан Алтын да арнайы келіп, сыйлық үлестірді.

Шара барысында сөз алған қазақтың қаршадай қызы жиналған қауымның көзіне жас үйірді.

"Үшінші сынып оқимын. Жасым тоғызда. Әкем Қытайға кеткеніне тоғыз ай болды. Паспортын тартып ап, түрмеде жатыр. Нұрсұлтан ата, әкемді әкем беріңізші?", - деп сөзін аяқтай алмай жылап еңіреп жіберді әкесін сағынған бүлдіршін.

Бұдан соң қытайдағы туыстарын іздеген қауым жиылып, Алматыдағы Қытай елшілігінің консулына барды. Консулға Қытайда қамауда отырған жұбайларын, әке-шешелерін іздегедердің атынан Нұрқия Әубәкір, Бахаргүл Досмұқан, Әсила Әлімқұлова үшеуі кріп хат тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу