Қытайда қараша айында көлік сатылымы 27,4 пайызға өсті

424

Қараша айында елден 482 мың көлік экспортталған.

Қытайда қараша айында көлік сатылымы 27,4 пайызға өсті Фото: Синьхуа

Қытайда қараша айында автокөлік сатылымы 27,4 пайызға өсіп, 2,97 млн бірлікті құрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қытай автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының мәліметінше, өткен айда елде 3,09 млн бірлік көлік өндіріліп, өндіріс 29,4 пайызға артқан. Осылайша көлік өндірісі рекордтық көрсеткішке жеткен.

Осы жылдың 11 айында 27,11 млн көлік өндірілген, ал сатылған көлік саны – 26,94 млн. Оның ішінде, 8,43 млн электр көлігі өндірілген, сатылғаны – 8,3 млн. Соңғы қараша айында 1,03 млн электр көлігі сатылып, 39,3 пайыз өсімді көрсеткен.

Сондай-ақ қараша айында елден 482 мың көлік экспортталған. Қаңтар-қараша аралығында 4,41 млн көлік экспортқа шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу