Соңғы күндері Гуандун (Оңтүстік Қытай) провинциясының көптеген ауданында қатты жауын-шашын түсіп, оның салдарынан 10 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.
Чжаоцин қаласы үш адамның өлімі жайлы, ал Шаогуан қаласы бір құтқарушының өлімі туралы хабарлаған.
Шаогуан мен Цинюаньды қоса алғанда, қалаларда жаңбырдың салдарынан 10 адам жоғалып кеткен.
Синьхуа хабарлағандай, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Соңғы уақытта қатты жаңбыр жоғарыда аталған провинцияның көптеген ауданына, соның ішінде Шаогуан, Гуанчжоу, Хейуан, Чжаоцин, Цинюань, Мэйчжоу және Хуйчжоуға әсер етіп, үйлердің бұзылуына, жолдардың жабылуына және көшкінге әкелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу