Қытайда қауіпті вирус тарады

260

Бүгінге дейін қауіпті вирус 5 мың адамнан табылған.  

Қытайда қауіпті вирус тарады Фото: news.cn

Қытайдың Гуандун провинциясында вирусты 2800-ден астам адам жұқтырғаны анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

"Чикунгунья" дірілдек вирусы маса арқылы тарайды. Ол ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Соның ішінде, қызу көтерілуі, буындардың қатты ауыруы, жүйке жүйесінің бұзылуы секілді асқынулар пайда болады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзянкунь вирустың таралуы бақылауда екенін мәлімдеді. Ол шетелдік туристер үшін ешқандай қауіп жоқ деп сендірді.

"Чикунгунья" вирусы тарау аймағы негізінен Африка, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Мексика және Гватемала. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа қарсы арнайы ем жоқ дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу