Қытайда қазақ күресінен Азия федерациясының кеңсесі ашылды

943

Қытайда қазақ күресінен Азия федерациясының кеңсесі ашылды

Бүгін Бейжіңде ұлттық спортты дамытуға арналған халықаралық форум өтіп жатыр. Оған қатысуға Азияның 30 мемлекетінен өкіл келген. Дүниежүзілік қазақ күресі қауымдастығы 2022 жылға дейін осы құрлықта15 федерация ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгін Бейжіңде ашылған қазақ күресінің Азиялық федерациясы кеңсесі бұл спорт түрін шығыстағы үлкен көршімізде ары қарай ілгерілетуге септігін тигізбек. Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков осы кеңсенің құрметті төрағасы болып сайланды. Алдағы уақытта Қытайдың өзге аймақтарында осындай кеңселерді ашу жоспарда бар. Сонымен қатар 2018 жылдың қазанында Қытайдың Ішкі моңғол автономды аймағында бірінші рет рет Азия біріншілігі өткізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу