ҚР сыртқы істер министрлігі Қытайдың Чанчжоу қаласында қазақстандық студенттің көз жұмғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Оқиғаның болғанын растаймын. Толыққанды ақпарат ертең өтетін брифингте айтылады. Әзірге қыздың расымен Қытайда көз жұмғаны белгілі", – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияр.
БАҚ-тан белгілі болғандай, 20 жастағы Сандира Серікханова Jiangsu University of Technology атты білім ордасында 3 курста оқыған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу