Қытайда қазір Қазақстанның 780 азаматы жүр

770

Қазақстанға жеткізу туралы 427 адам өтініш берген, ал өзгелері ҚХР-да қалуға ниет білдірген.

Қытайда қазір Қазақстанның 780 азаматы жүр

ҚХР аумағында Қазақстанның 780 азаматы, оның ішінде 559 студенті жүр. Бұл туралы коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Оның сөзінше, Қазақстанға жеткізу туралы 427 адам өтініш берген, ал қалғандары ҚХР-да қалуға ниет білдірген.

"Сыртқы саяси ведомство дипломатиялық арналар арқылы азаматтарымызды елге әкетуді ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтап жатыр",– дейді ол.

Ал ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев 3 ақпаннан бастап ҚХР рейстеріне билеттері бар жолаушыларға авиабилеттерді сатып алу орны бойынша қайтару немесе қайта ресімдеу жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу