2017 жылы Қытайда кедейшілікті жою бағдарламасы шеңберінде 3,4 млн адамды басқа қонысқа көшіру көзделген. Жоба аймақтық деңгейдегі 22 әкімшілік бірлікті қамтымақ, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.
Былтырғы жылы Қытайда 2,49 млн адам көшірілген. Билік жаңа қонысқа көшіп барғандарға баспана, базалық әлеуметтік көмек пен субсидия беріп, тиісті инфрақұрылымды, өндірісті дамытып, жұмыспен қамтамасыз ете бастады, деп атап көрсеткен мекеме.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу