Қытайдың бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао жиналыстан күштеп шығарылды

3718

Қытайда Коммунистік Партияның ХХ съезі кезінде қызық жағдай болды. Си Цзиньпиннің қасында отырған Қытай Халық Республикасының бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао күшпен орнынан тұрғызылып, залдан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қытайдың бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао жиналыстан күштеп шығарылды Фото: Getty Images

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 10 жыл бұрын Жоғарғы партиялық лауазымды өзінің мұрагері Си Цзиньпинге тапсырған Ху Цзиньтао жасына және мерзіміне байланысты шектеулері бар "Ұжымдық басшылықтың" жақтаушысы. Ал Си Цзиньпин өз кезегінде олардың билігін жоюға ниетті.

Ху Цзиньтао 2012 жылға дейін ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы, ал 2013 жылға дейін Мемлекет басшысы – ҚХР Төрағасы қызметін атқарды. Содан кейін бұл лауазымдардың барлығы жоғары әскери лауазымдармен бірге Си Цзиньпинге тапсырылды.

Жақында, 22 қазанда, Қытай Коммунистік партиясы тиісті түзетулер енгізу арқылы Си Цзиньпиннің Орталық Комитеттің Бас хатшысы ретіндегі орталық рөлін бекітті. Олардың мақсаты Си партиясының үстемдігі мен идеяларын көрсету арқылы билікті сақтап қалу. 2016 жылы ҚКП Си Цзиньпинді ресми түрде “негізгі” көшбасшы ретінде таныды, кейде оны "Қытайдың жоғарғы көшбасшысы" деп те атайды.

23 қазанда 69 жастағы Си Цзиньпин ҚКП ОК Бас хатшысы лауазымында үшінші бес жылдық мерзімге бекітіледі деп күтілуде.

Видео:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу