Қытайдың Көктем мерекесі күндері туризмнен түскен кірісі 61 млрд доллардан асты, деп хабарлайды ҚХР туризм істері жөніндегі ұлттық басқармасы.
Басқарманың мәліметі бойынша, биылғы жылғы кіріс өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға өскен. Мереке күндері Қытай тұрғындары ел ішінде 344 млн сапар жасаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 16,3%-ға жоғары.
Қытайдың дәстүрлі Жаңа жыл мерекесі халықтың асыға күтетін мерекелерінің бірі болып табылады. 2017 жылдың (ай күнсанауы бойынша 4715 жыл) келуі 28 қаңтарға түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу