Солтүстік Қытайдың Шаньси провинциясындағы жерасты көмір бункерінің құлауынан жер астында қалып қойған барлық жеті кеншінің қаза тапқаны расталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қайғылы оқиға дүйсенбіде жоғарыда аталған провинцияның Чжунян округіндегі Taoyuan Xinlong coal industrial corporation көмір шахтасында болған.
Осыған дейін іздеу-құтқару жұмыстары барысында бес кеншінің денесі табылған. Тағы екі адамның денесі табылды.
Осыған дейін БАҚ Қытайдағы шахтадағы апат салдарынан сегіз адамның қаза тапқаны туралы хабарлады. Оқиға Хэнань провинциясында болды.
Ол Pingdingshan Tianan Coal Mining Co компаниясына тиесілі қаланың 12-ші шахтасында болған.