Қытайдың шығысында көмір шахтасында болған апаттан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz. RT-ға сілтемемен.
28 желтоқсан күні таңертең 9 кенші шахтаға түскен, ал сағат 13.00-де ешкімнің шықпағаны белгілі болған. Осыған байланысты жедел түрде іздеу-құтқару шарасы жүргізілген. Қазіргі уақытта 3 адам құтқарылды, олардың біреуі түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ шахтадан 5 адамның денесі шығарылды. Құтқарушылар тағы бір кеншіні іздестіру үстінде.
Әзірге оқиғаның неден болған белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу