Қытайда көпір опырылып, жүк көлігі көпірдің шетінде қалып қойды

721

Құтқарушылар көлік жүргізушісін құтқарды.  

Қытайда көпір опырылып, жүк көлігі көпірдің шетінде қалып қойды Фото: 163.com

Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Саньду-Шуй және Жунцзян уездерінің арасындағы трассаның бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде таралған ақпаратқа сүйенсек, оқиға 24 маусым күні таңертең болған. Бір көлік жолдың шетінде қалып қойып, оның ішінде болған жүргізушіні оқиға орнына жеткен құтқарушылар құтқарып алды. 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығы мен көшкін салдарынан апат болған ауданда байланыс жоқ, оқиға орнына жету шектелген. Жол полициясы Гуйян бағытындағы трассада қозғалыс уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Көліктер жақын маңдағы басқа магистральдарға жіберіліп жатыр.

Алдын ала деректерге сай, басқа зардап шеккендер жоқ. Жергілікті билік көпір құрылымының деформациясын таңертең патрульдік тексеріс кезінде байқаған. Көпір астында жергілікті құрылыс компаниясына тиесілі үш көлік тұрғаны белгілі болды. Дрон арқылы жүргізілген бақылау кезінде оларда адамдардың жоқ екені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу