Қытайда коронавирус өршіп, елде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Ресми деректерге сүйенсек, 16 151 адамның індетпен ауырып жүргені анықталды, деп жазады inbusiness.kz ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасап.
Бейжің қаласында жағдай қиындап барады. Бұл қалада коронавирусты жұқтыру қаупі көп 240-тан астам тұрғын үй аумағы бар. Кеше Қытай астанасында 450-ден астам адамнан коронавирус анықталды. Шетелдік елшіліктер, халықаралық ұйымдар мен ірі корпорациялардың өкілдіктері орналасқан Чаоян ауданындағы эпидемиологиялық жағдай өте қиын. Онда көптеген шетелдіктер тұрады.
Сонымен бірге Оңтүстік Гуандун, Хэнань провинциялары, Чунцин қаласы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында ауруды жұқтырушылар көбейіп жатыр деген дерек бар. Бір ғана Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында бір күнде 800 адам ауруды жұқтырған.