Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

800

82 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды.

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр

Өткен тәулікте Қытайда коронавирус жұқтырудың 82 фактісі тіркелді. Бұл туралы ҚХР-дың Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті. 

82 науқастың 13-і – басқа елдерден жұқтырып келгендер, қалған 69-ы – жергілікті тұрғындар. Жетеуі Цзилинь провинциясында, бесеуі Хэбэй провинциясында, 53-і Хэйлунцзян провинциясында және екеуі Бейжің мен Шанхайда анықталды.

Жалпы, пандемия басталғалы Қытайда 89 197 адам ауруға шалдыққан. 82 676 адам дерттен жазылса, 4635 тұрғынның ауруы асқынып қаза тапты.

Өткен жылдың 1 сәуірінен бастап ел билігі асимптоматикалық науқастар туралы мәлімет жариялай бастаған еді. Соңғы тәулікте осындай 57 жағдай тіркелді.Оның 16-сы – шет елден жұқтырып келгендер. Ал Гонконгта осы күнге дейін 10 158 адам ауруға шалдыққан. 9056-ы аурудан айығып, 171 гонконгтың дерттен көз жұмды.

Ескере кететін жайт, Қытай пандемиядан аса қатты зардап шекпеді. 2020 жылдың бірінші тоқсанында оның ЖІӨ 6,8%-ға төмендеген болатын. Ал екінші тоқсанда 3,2%-ға, үшінші тоқсанда 4,9%-ға, төртінші тоқсанда 6,5%-ға артты. Өткен аптада елдегі Халық банкі пайыздық мөлшерлемені 3,85% деңгейінде қалдырды. Қаржы реттеушісі соңғы рет бұл көрсеткішті 2020 жылдың сәуір айында төмендеткен еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: iz.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу