Қытайда коронавирустан қаза болғандар саны 1,8 мыңға жақындады

896

Эпидемия ошағы Хубей провинциясында кешеден бері 1933 тұрғын вирус жұқтырыпты. Ал індет басталғалы бері провинцияда 58182 кісі ауруға шалдыққан.  

Қытайда коронавирустан қаза болғандар саны 1,8 мыңға жақындады

Ал жалпы әлем бойынша жұқтырғандардың саны 71323-ке жетсе, 10844-ы емделіп, аурудан айыққан. Бұл туралы Қытайдың CGTN басылымы хабарлады.

"Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетке 31 провинциядан 70844 жергілікті тұрғынның вирусты жұқтырғаны туралы ақпарат келді. Қазіргі таңда 10644 кісі ауыр халде жатыр. 10844 адам ем-дом қабылдап, ауруханадан шығарылды", – делінген жергілікті биліктің ресми мәлімдемесінде. 

Өткен тәулікте жаңа коронавирусты 2048 адамның жұқтырғаны және 105 Қытай азаматының ажал құшқаны тіркелді. 

Эпидемия ошағы Хубей провинциясында кешеден бері 1933 тұрғын вирус жұқтырыпты. Ал індет басталғалы бері провинцияда 58182 кісі ауруға шалдыққан.  

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдегі Хубей провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршіп бара жатқаны туралы хабарлаған болатын. Мамандар ауру қоздырғышының жаңа коронавирус екенін анықтады. Қаңтар айының соңына қарай ДДҰ эпидемияны халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялап, ауруға COVID-2019 деген ресми атау берді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу