25 қаңтардағы жағдай бойынша, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында кем дегенде 3 адам қаза тапты. Онда 23 қаңтарда магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі орын алды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, тағы бірнеше жергілікті тұрғындар түрлі жарақат алған. Ондаған ғимараттар бүлінген. 12 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта, адамдардың көбісі шатырларда тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу