Қытайдың Аньхой провинциясында құс тұмауынан 2 тұрғын көз жұмды. Бұлар – аталған аймақта соңғы екі аптаның ішінде қауіпті ауруды жұқтырып, тіркеуге алынған 5 адамның екеуі. Олар – Хэфэй мен Сюаньчэн қалаларының тұрғындары. Қалған үш науқастың халі белгісіз, деп жазады 24Хабар.
Бұған дейін ақпарат құралдары тағы бірнеше өңірде үш тұрғынның құс тұмауына шалдыққанын хабарлаған еді. Айта кетейік, Қытайда адамның құс тұмауымен ауыру оқиғасы алғаш рет 2013 жылы тіркелген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу