Қытайда биылғы жыл басталғалы бері құс тұмауынан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады ҚХР-дың үш аймғының денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметтеріне сүйенген жергілікті БАҚ.
H7N9 құс тұмауы вирусын жұқтырудың соңғы екі дерегі Хэнаньда тіркелді. Қайтыс болғандар – жергілікті мейрамхананың қызметкерлері.
БАҚ-тың ақпаратында айтылғандай, H7N9 вирусы аса қауіпті тыныс жолы ауруын тудырады. Ол қыс және көктем мезгілінде тез тарайды. Биыл ауырғандардың саны Шанхай мен Гонконгта басым болып тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу