Қытайдың Хубэй провинциясында лай көшкіні жүріп, 9 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бір адамның опат болғаны белгілі болды.
Орталық көшелерді батпақ басып, адамдар әбігерге түсті. Бұл туралы жергілікті телеарна хабарлады. Апат болған жерде құтқарушылар және ауыр техника жұмыс істеп жатыр.
Кейінгі кездері Қытайда су тасқыны мен лай көшкіні жиі жүреді. Өткен айда Сычуань провинциясында шахтадағы лай көшкінінен 19 адам көз жұмған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу