Reuters агенттігінің хабарлауынша, Чжэцзян провинциясында табиғаттың тосын мінезінен 39 кісі мерт болған. 9 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал Шаньдун провинциясында 5 адам ажал құшып, 7-еуі жоғалғандар қатарында.
Кеше "Лекима" тропикалық дауыл деңгейіне дейін бәсеңсіген болатын. Апат салдарынан Цзянсу, Чжэцзян, Аньхой, Шаньдун, Фуцзянь провинцияларындағы 6 миллион адам зардап шеккен. Тайфунның арты жауын-шашынға ұласып, желдің жылдамдығы секундына 50 метрге дейін жеткен.
Қытай билігі аймақта қауіптіліктің ең жоғарғы деңгейін жариялап, 1 миллионға жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді. Жергілікті биліктің есебінше, апаттан 2,2 млрд доллар көлемінде шығын келген.
Табиғат Нұрболат
Тайфун, жойқын жел, Лекима