Қытай логистика және сатып алу Федерациясының мәліметтері бойынша, 2023 жылдың желтоқсанында логистика тиімділігінің индексі (LPI) 53,5%-ды құрап, ай сайынғы мәнде 0,2%-ға дейін өсті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми деректерге сәйкес, 50%-дан жоғары логистика тиімділігі индексінің (LPI) мәні сектордың кеңеюін көрсетеді, ал осы белгіден төмен мән оның азаюын білдіреді.
Бұдан бөлек, Қытай логистика және сатып алу федерациясының бас экономисі Хэ Хуй желтоқсан айында секторда жандану байқалғанын атап өтті. Соның ішіде, жаңа сұраныс өсу үрдісін көрсетіп, кәсіпорындар болашақ өсуге қатысты тұрақты үміттерін сақтап қалды. Жалпы, іскерлік белсенділік пен жаңа логистикалық тапсырыстардың ішкі индекстері сәйкесінше 53,5% және 52,8%-ды құрады, ал іскерлік күтулер индексі 54,8%-ға дейін жетті.