Қытайда Мессидің құрметіне саябақ ашылады

961

Қытайда Мессидің құрметіне саябақ ашылады

2020 жылы Қытайдың Нанкин қаласында каталониялық "Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің құрметіне саябақ ашылады. Бұл туралы Qsport.kz хабарлайды. 

Саябақтың презентациясы бейсенбі күні Барселонада таныстырылды. Бұл жобаны іске асырып жатқан компаниясының жетекшісінің айтуынша, Нанкин қазір Қытайдың футбол астанасы екен. "Біздің есебіміз бойынша, саябаққа жылына 4-5 миллион адам келеді. Ал саябақтың өзі 2020 жылы іске асады. Оның құрылысына шамамен 170 миллион кетеді", — дейді Хирау. 

Айта кетейік, Месси "Барселона" сапында 2004 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін ол Испания біріншілігін сегіз рет, Испания кубогын бес рет, Чемпиондар лигасын төрт рет жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу