Қытайда миллиардтан астам адам вакцина ектірді

880

60 жастан асқан 200 миллион қарт адам екпе салдырған.

Қытайда миллиардтан астам адам вакцина ектірді Фото: reuters.com

Қытайда миллиардтан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық ектірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚХР-дың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясына сілтеме жасап. Бұл – ел халқының 70%-ы. 

Комиссия дерегі бойынша, 12-17 жас аралығындағы 95 миллионнан астам бала және 60 жастан асқан 200 миллион қарт адам толықтай екпе салдырған. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша, елде 2,16 миллиард екпе ектірілген. 

Тамыз айында әлемде коронавирустық вакцина қабылдағандардың саны 5 миллиардтан асқан еді. Олардың жартысына жуығы екі елге, яғни Қытай мен Үндістанға тиесілі. Бірақ олардың қаншасының толықтай вакцинацияланғаны белгісіз.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу