Қытайда министр Тан Жэньцзян тәртіп бұзғаны үшін тергеуге алынды

228

Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрі Тан Жэньцзян партиялық тәртіп пен заңды өрескел бұзды деген күдікпен тергеуге алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытайда министр Тан Жэньцзян тәртіп бұзғаны үшін тергеуге алынды Фото: Википедия

Мәлімдемеге сәйкес, ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл істері министрлігі басшылығының партиялық тобының хатшысы қызметін қоса атқаратын Тан Жэньцзянға қатысты тергеуді тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссия мен мемлекеттік қадағалау комитеті жүргізеді. 

Тәртіптік бұзушылықтарға қатысты партиялық тексеру әдетте Қытай шенеуніктерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттеріне жүргізіледі. 

Айта кетейік, Тан Жэньцзянь ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл істер министрі болып 2020 жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу