Қытайда некеге тұру көрсеткіші төмендеп барады

224

Онда биыл 2 миллионға жуық ажырасу жағдайы тіркелді.

Қытайда некеге тұру көрсеткіші төмендеп барады Фото: osh-group.com

Қытайда 2016 жылы "бір отбасы, бір бала" саясаты жойылғанына қарамастан, бала туу көрсеткіші төмендеп, халықтың қартаю қарқыны артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап. 

ҚХР Азаматтық істер министрлігінің дерегіне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында 4,75 млн неке тіркелген – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 943 мыңға аз. Сонымен қатар, осы кезеңде 1,967 млн жұп ажырасқан.

Халық санының азаюына байланысты Қытай Мемлекеттік кеңесі 28 қазанда "Тууды ынталандыру туралы" циркуляр жариялады.

Қытайда 10 қазан мен 30 қараша аралығында халық санының өзгерісін анықтау мақсатында іріктемелік демографиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Бұл зерттеу азаматтардың жасы, жынысы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуы, отбасы жағдайы және балалардың бар-жоғын қамтиды.

Қытай халқы санының азаюы екінші жыл қатарынан жалғасуда. 2023 жылы халық саны 2,08 млн адамға азайып, 1,409 млрд адамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу